Шымкентте атысқандардың кім екендігі анықталды

1731

Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі дәмханада болған атысқа қатысты ақпарат берді. 

Шымкентте атысқандардың кім екендігі анықталды

Айта кетсек, Шымкенттегі дәмханалардың бірінде атыс болып, адам өлімі орын алғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Бейресми деректер бойынша, оққа ұшқандардың екеуі көз жұмған.

"Оқиға орнында бір адам көз жұмған және әртүрлі дәрежедегі жарақат алған 5 адам медициналық мекемелерге жеткізілген",– деп нақтылады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқиға болған жер тексеріліп, заттай айғақтар алынған.

"Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 99 бабы 2 бөлігінің 1 тармағы және 287 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде",– делінген хабарламада.

Қазір күдіктілердің жеке басы анықталып, оларды ұстау шаралары жүргізілуде.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды",– дейді департаменттен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу