Пәтер ұрлығымен айналысқан 5 адам ұсталды. Күдіктілер жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қолға түскен, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Олар бөтеннің үйіне терезеден кіріп, көбіне алтын бұйымдарды ұрлаған. Бір ай ішінде күдіктілер 10-ға жуық үйді тонаған.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен 20 миллион теңгені құрады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстың барлық мән-жайы анықталып, тергеу жүргізіліп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу