Шымкентте бір жасар бала электр тогынан қайтыс болды

651

Шымкент қаласында электр тогынан соққы алған 2021 жылы туған ұл бала қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz. Otyrar.kz ақпарат агенттігіне сілтеме беріп.

Шымкентте бір жасар бала электр тогынан қайтыс болды

Оқиға Қаратау ауданы Нұртас шағын ауданындағы Құлагер көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде орын алған.

Ата-анасының айтуынша, үйде "ASEL" пеші ұзартқыш арқылы тоққа қосылу тұрған. Қасында ойнап жүрген бүлдіршін абайсызда ашық тұрған электрсымды қолымен ұстап қалған. Бала оқиға орнында қайтыс болған. Оқиғаның нақты мән-жайын полиция қызметкерлері анықтайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу