Шымкентте екі жасөспірім суға батып кеткен 6 жасар баланы құтқарды, деп жазады inbusiness.kz қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Департамент мәліметінше, оқиға 10 мамыр күні болған.
Игілік тұрғын алабының аумағынан ағып өтетін Бадам өзеніне шомылуға келген бір топ бала өзенге кішкентай баланың батып кеткені көреді. Оқиға орнына жеткен екі жасөспірім суда баланың қалғып жүргенін көріп, оны жағаға алып шығады.
Рамазан Аманкелдиев пен Ердәулет Шыңғысхан балаға реанимациялық көмек көрсетеді. Нәтижесінде кішкентай бала аман қалады.
6 жасар балаға көмекке жеткен Ердаулет 8-сыныпта білім алса, оның досы Рамазан 9-сынып оқушысы.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу