Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды

220

Оның не үшін бұндай әрекетке барғаны белгісіз?

Шымкентте итті көлікпен сүйреген жүргізуші жауапқа тартылды Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Шымкент тұрғыны итін көлігіне шынжырмен байлап алып, көше аралаған. Үй жануарына аса қатыгездік танытқан жүргізушінің әрекеті әлеуметтік желіде тарап кетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.   

Оны жолда өзге тұрғындар тоқтатып, итті азаптауға болмайтындығын түсіндіреді. Тіпті, полицияға хабар беріп, шағымданатындығын жеткізгенін көруге болады. Ал, жүргізуші адамдардың қысымынан соң, итті жүк салғышқа салып алған.

Аталған жағдай бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі құқық бұзушының анықталып, полицияға жеткізілгендігін мәлімдеді.

– Жүргізуші жануарға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапқа тартылды, – делінген ведомства апаратында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу