Шымкентте құны 1 млрд теңгеден асатын әскери жер мемлекетке қайтарылды

394

Бұл туралы Бас әскери прокуратура мәлім етті.  

Шымкентте құны 1 млрд теңгеден асатын әскери жер мемлекетке қайтарылды Фото: Ernur.kz

Әскери прокуратура органдары әскери мүліктің сақталуы мен тиімді пайдаланылуын бақылау жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент гарнизонының әскери прокуратурасы қадағалау шаралары барысында Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің біріне тиесілі жер учаскесінің заңсыз жекешелендірілгенін анықтады.

Прокуратура мәліметінше, жалпы аумағы 87 гектардан асатын жер телімі 1999 жылы жеке меншік құрылымдардың пайдасына заңсыз беріліп, кейін бірнеше рет қайта сатылған.

Гарнизон прокуратурасы әскери бөліммен бірлесіп сотқа жүгініп, сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тануға қол жеткізді.

Нәтижесінде құны 1 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылып, әскери ведомствоның балансына берілді.

Әскери прокуратура әскери мүліктің сақталуы мен мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстардың жалғасатынын мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу