Кеше, 26 шілдеде сағат 10:15 шамасында Самал базарына қарай бағыт алған Howo миксер жүк көлігі бағдаршамда тұрған 8 жеңіл көлікті соғып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Салдарынан Mazda автокөлігінің жүргізшісі және Toyota Camry көлігінің жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын нақтылау барысында жүк көлігінің тежеуіші кенеттен істен шыққанын және оны тізгіндеуші азаматтың жүк көлігін басқаруға құқығы жоқ екенін анықтады.
ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 3-бөлімі бойынша хаттама толтырылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу