Шымкентте мыңдаған жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін

286

Жүргізушілерге қатысты тиісті шаралар қолданылуда.

Шымкентте мыңдаған жүргізуші көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Шымкент қаласының прокуратурасы көлік жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдері бар 1268 адамды анықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоға сілтеме жасап.

Атап айтқанда, олардың көпшілігі психоактивті заттарды қолдану және жүйке жүйесі аурулары бойынша диспансерлік есепте тұрады.        

2022-2023 жылдары олар 1300-ден астам жол қозғалысы ережесін бұзып, 28 жол-көлік оқиғасын жасаған, көліктердің зақымдануы салдарынан зардап шеккендерге материалдық шығын келтірген.        

Аталған тұлғалардың жүргізуші куәлігін иеленуі заң талаптарына қайшы келуіне байланысты, прокуратураның актісі бойынша бүгінгі күні сот шешімімен 37 тұлға көлік құралын басқару құқығынан айырылды.        

Қалған тұлғаларға қатысты тиісті шаралар қолданылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу