Шымкентте танымал алкоголь брендтерін қолдан жасайтын жерасты цехі анықталды

186

Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. 

Шымкентте танымал алкоголь брендтерін қолдан жасайтын жерасты цехі анықталды Фото: Әділет министрлігі

Әділет министрлігі Шымкент қаласынан "Absolut", "Зеленая марка", "Айдабульская", "Qulan" және тағы басқа брендтердің атын жамылған контрафактілік алкогольді өнімдер өндіретін жерасты цехінің жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Шымкент қалалық Әділет департаменті мен полиция департаментінің қызметкерлері контрафактілік өнімдерді өндірумен айналысқан азаматты ұстады. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 158-бабы (Бөтеннің тауар белгілерін заңсыз пайдалану) бойынша іс қозғалды.

“Тексеру барысында жерасты цехында спирттік ішімдіктерді құюға арналған құты, шығу тегі белгісіз 3 000 литр сұйықтық, сүзгі, құю жабдықтары, "Absolut" тауар белгісі бар 720, "Зеленая марка" тауар белгісі бар 1 400 дана бөтелке қақпақтары тәркіленді. Қазір әкімшілік істің материалдары сотқа жіберілді", – деді әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу