Шымкентте тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған жүргізуші ұсталды

461

Патрульдік полицейлер түнгі уақытта жарық шамын жақпай жүріп бара жатқан "Toyota Camry 75" маркалы автокөлігін тоқтатқан. 

Шымкентте тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбаған жүргізуші ұсталды Фото: bangkokbook.ru

Алайда жүргізуші тәртіп сақшыларының заңды талабына бағынбай, жылдамдықты асырып, қашып құтылуға тырысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тәртіп сақшылары жол апаты жағдайларының алдын алып, оны дереу құрықтау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады. 

Нәтижесінде, заң бұзушы Тәуке хан даңғылының бойында ұсталды.

Тексеру барысында жүргізушінің кәмелет жасқа толмағаны анықталды.

"Аталған жайтқа қатысты әкімшілік кодекстің "Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның полицияның заңды талабына бағынбауы", "Бағдаршамның тыйым салатын сигналына қарамай өту", "Жүргізушінің авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан, жол жүру қағидаларын бұзуы" және "Көлік құралын басқару құқығы жоқ адамның қарсы бағытқа шығуы" бойынша хаттамалар толтырылды. Көлік айыптұраққа қойылды", – делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу