Шымкентте ұландықтар көшеде есінен танып қалған адамға көмекке келді

271

Оқиға 11 мамыр күні кешке  Гагарин көшесінде болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Шымкентте ұландықтар көшеде есінен танып қалған адамға көмекке келді Фото: Ұлттық ұлан

Бұл жерді Ұлттық ұланға қарасты 6506 әскери бөлімнің бірінші жедел мақсаттағы батальонының әскери қызметшілері патрульдеп жүрген еді.

"Сол кезде көшеде ауырып, өңі бұзылған адамды байқадық және жағдайын білу үшін оған жақындадық. Әңгіме барысында ер адам құлап, есінен тана бастады. Біз бірден 103-ке қоңырау шалдық, содан кейін дәрігерлерді күтпей, алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірістік", - дейді әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Бексұлат Асанов.

10 минуттан кейін жедел жәрдем көлігі оқиға орнына келді.

Келген дәрігерлер қала тұрғынын дереу ауруханаға жеткізді.

Құқықтық тәртіп әскерлері әскери қызметшілерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында адам өмірі құтқарылды.

"Ұлттық ұланның әскери қызметшілері төтенше жағдайларда азаматтарға көмекке келуге әрқашан дайын, өйткені олар үшін адам өмірі — бәрінен маңызды", - деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу