Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды

365

Алдын ала диагноз – "жедел лейкоз".

Шымкентте Ұлттық ұлан сарбазы көз жұмды Фото: Syrmedia.kz

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, сарбаз әскерге келген алғашқы күндерінен бастап бірнеше рет дәрігерге жүгінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бақылауда болған және Шымкент қаласының медициналық мекемелерінде тексеруден өткен.
6 қаңтарда сарбаздың жүрегі кенеттен тоқтап қалған.

"Жүргізілген реанимациялық іс-шараларға қарамастан, ол қалалық ауруханада көз жұмды", – делінген мәлімдемеде.

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жағдай Ұлттық ұлан бас қолбасшысының жеке бақылауында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу