Шымкентте зейнеткер пәтерінде өлі табылды

283

Ол денсаулығына байланысты көз жұмған.

Шымкентте зейнеткер пәтерінде өлі табылды Фото: inbusiness.kz

Шымкентте құтқарушылар жабық пәтерден зейнеткер әйелдің денесін тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz Оtyrar.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің дерегінше, "112" нөміріне зейнеткердің туыстары хабарласып, көмек сұраған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар есікті бұзып ашқан.

"Володарский көшесіндегі пәтерлердің бірінде 85 жастағы әже қоңырауларға жауап бермей, есікті де ашпаған. Туыстары құтқарушыларды шақырып, есікті сындырып ішке кірген. Олар ішке кіргенде әйелдің қайтыс болып кеткені белгілі болды. Әйелдің денесінен зорлық-зомбылықтың ізі табылмады", делінген хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол денсаулығына байланысты көз жұмған. Өлімнің нақты себебін полиция анықтайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу