Шымкентте жалған көлік нөмірін пайдаланған жүргізуші ұсталды

478

Сондай-ақ, ол көшедегі бейнекамералардан жасырынған.

Шымкентте жалған көлік нөмірін пайдаланған жүргізуші ұсталды Фото: Polisia.kz

Бейнебақылау инспекторлары құқық бұзушыны ұстау үшін патрульдік полиция экипажына бағыт-бағдар берді. Автокөлікті тоқтатқан кезде тәртіп сақшылары жүк салғыштан көлікке тиесілі мемлекеттік тіркеу белгісінің түпнұсқасын тапты. 

Жол камераларындағы жазбалардан көлік қалаға өз нөмірімен кіріп, біраз уақыттан кейін оны жалған нөмірге ауыстырғаны анықталды. Mercedes-Benz автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша хаттама толтырылды. 

Оның жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін жалпы сомасы 100 мың теңгеден астам төленбеген айыппұлы бар екендігі анықталды. Полицейлер көлік құралын айыптұраққа қамады. Жинақталған іс-құжаттар мамандандырылған сотқа жіберілді. 

Заңға сәйкес, көлікті көрінеу жалған нөмірмен басқарғандарға 5 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу және бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу