Шымкентте жалған шот-фактура жасағандар сотталды

712

Қылмыстық топ сыйақы алу мақсатында 600 млн теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазу үстінде ұсталған. 

Шымкентте жалған шот-фактура жасағандар сотталды

Шымкентте қылмыстық топ сыйақы алу мақсатында 600 млн теңгеден астам сомаға жалған шот-фактуралар жазу үстінде ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі

"ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде қала аумағында бір топ азаматтың алдын-ала сөз байласып, аса ірі көлемде іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактура жазумен айналысқаны анықталды", – деп жазылған дүйсенбі күні таратылған ақпарда.

Атап айтқанда, алдын-ала сөз байласқан 4 азамат 615  млн теңгені құрайтын жалған шот-фактураларды жазу үшін 40 млн теңге, яғни жалпы соманың 6,5% сыйақы ретінде алу үстінде ұсталды.

Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК 216 бабының 3-бабына сәйкес кінәлі деп танылып, оларға 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу