Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды

797

Полицейлер күдіктіні екі күннен соң Шымкенттегі жалдамалы пәтерлердің бірінен құрықтады.   

Шымкентте жаяу жүргіншіні қағып кеткен жүргізуші ұсталды

 

Шымкент қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Дәурен Абдрамановтың сөзінше, жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деп күдікке ілінген көлік жүргізушісі Отырар ауданының тұрғыны болып шыққан. 
"Күдікті ұсталды. Ол Отырар ауданының 1990 жылғы тұрғыны болып шықты. Жұмыссыз, Шымкентте жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 345, 347-баптар бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін толығымен мойындады", – деді тергеу басқармасының бастығы. 
Еске салсақ, жол апаты 22 қыркүйек күні кешкі сағат 22.20-лар шамасында Темірлан тас жолы бойында орын алған. Жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан велосипед тізгіндеген азаматты қатты жылдамдықпен келе жатқан BMW көлігінің жүргізушісі қағып кеткен болатын. Салдарынан  1977 жылы дүниеге келген азамат оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші болса, көлігін тастап, оқиға орнынан бой тасалаған. Оның көлік апатын жасаған кезінде алкогольдік ішімдік ішкені немесе ішпегені тисті сараптама қорытындысынан соң белгілі болады. 
Жансая Тәуекелқызы ​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу