Бүгін таңғы сағат 7:00 шамасында Шымкентте жантүршігерлік жол апаты орын алды. Рысқұлов пен Адырбеков көшелерінің қиылысында "Мерседес", "Опель" және "Джентра" автокөліктері соқтығысты, деп хабарлайды otyrar.kz.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, "Джентра" көлігінің жүргізушісі "Еуразия" сауда орталығына бұрылар кезде маневр жасаған. Сол уақытта оған "Гиперхаус" жағынан келе жатқан "Мерседес" келіп соқтығысқан. Тегеурінді соққыдан "Джентра" көлігі шетке тайқып кетіп, жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан, қолында нәрестесі бар әйелді басып кеткен. Олар оқиға орнында көз жұмды.
"Джентра" екпінін тоқтата алмай, тағы да екі-үш метрге дейін ұшып, "Опельге" барып соқтығысқан. Бұл уақытта көлікке енді ғана жолаушылар отырып жатқан екен, бірақ олар қашып үлгеріпті, алайда жүргізуші соққы алып, талып қалған.
"Джентраның" жүргізушісі сол арада көз жұмды. Өзгелеріне медициналық көмек көрсетілді.