Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, 15 маусымда 6506 әскери бөлімінің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес кедір-бұдырлы жердегі қашықтықты еңсеру бойынша әскери қызметкерлер арасында оқу-жаттығу өткізілген.
"Шара аяқталғаннан кейін әскери қызметкер Бекжан Байжанов өзін нашар сезінгендіктен оған бірден алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Одан кейін Шымкенттегі бірінші қалалық клиникалық ауруханаға жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылды. Келесі күні сағат 17.15 шамасында әскери қызметкер қайтыс болды".
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы
Қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалған.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмеді.