Патрульдік полицейдің Toyota-ның капотында жатып көлікті тоқтатуға тырысқан видеосы әлеуметтік желіде тарады. Көлік жүргізушісі тоқтамай тұрып бірнеше метрге жүріп кеткенін байқауға болады.
Оқиғаға қатысты пікір білдірген полиция департаментінің өкілдері Toyota жүргізушісін жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатпақ болғанын айтады. Алайда ол тәртіп сақшыларының талабына бағынбаған. Аталған жағдайдан кейін жүргізушіге қатысты бірнеше бап бойынша хаттама толтырылыпты.
"Жүргізуші жол жүру ережесін бірнеше рет бұзғаны үшін тоқтатылды. Әкімшілік хаттама толтыру кезінде жүргізуші талапты орындамай, кетіп қалуға тырысқан. Оған қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірнеше бабымен хаттама толтырылды", – делінген хабарламада.
Шымкентте жүргізуші полицейді капотына "отырғызып", бірнеше метрге жүріп өткен