Шымкенттегі шерушілер әлі тарқаған жоқ

728

Арасында Түркістан облысының өзге аудандары мен Шымкент қаласының тұрғындары да бар. 

Шымкенттегі шерушілер әлі тарқаған жоқ

Шымкентте Əл Фараби орталық алаңына жиналған наразы топпен сөйлесуге Түркістан облысы мəслихатының депутаты, Шымкент қаласы полиция департаменті басшысы келіп жетті. Имамдар да халыққа басу айтып жүр. Дегенмен олар Өмірзақ Шөкеевтің келуін талап етіп тұрып алды.

Еске сала кетсек, өңір әкімі наразы топпен кездескен болатын. Бұған дейін хабарланғандай, жарылыстан зардап шеккендер баспаналарына қайта оралғысы келмейді. Олар Түркістан мен Шымкенттен үй беруді сұрайды, балаларының болашағына алаңдаулы.

У-шудың арасынан кімнің не айтқанын ұғу да қиын. Ашу мен ызаға мінгендер, билік тарапын салқынқандылықпен тыңдаудан қалды.  

Шымшаһардағы күннің ыстығынан шерушілердің бір бөлігі Бекжан базар маңындағы эвакуациялық штаб орналасқан "Ақ мешітке" қайтты.

Шеруге шамамен 5 жүз бен 1 мыңға жуық адам шыққан. Арасында Түркістан облысының өзге аудандары мен Шымкент қаласының тұрғындары да бар. Олар билік Арыстық ағайынның мəселесін шешсе деп, қолдау білдіруге келіпті.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу