Шымкенттегі "Бозарық" қосалқы станциясы мамыр айында пайдалануға беріледі

1268

Шымкенттегі "Бозарық" қосалқы станциясы мамыр айында пайдалануға беріледі

Облыстық өзбек драма театрында қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымовтың қатысуымен Қаратау ауданы әкімінің жылдық есеп беру жиыны өтті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аудан әкімінің баяндамасын тыңдаған қала басшысы білім беру, инфрақұрылым, құрылыс саласы бойынша Қаратау ауданында биыл бірқатар нысандар халық игілігіне берілетіндігін жеткізді.

Мәселен, аудан аумағындағы "Наурыз" саябағы, әкімшілік іскерлік орталығындағы 1200 орындық мектеп, Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен  Достық ш/а  (1200 орындық) мектебінің құрылысы аяқталатын болады.  Сонымен қатар, Ақжайық ш/а  №59 мектеп жанынан бой көтеретін 600 орындық жаңа мектеп пен Таскен ш/а  білім ұясының құрылысы басталады. 

Есепті кездесуде тұрғындар аудан аумағына қосылған елді мекендердегі электр жарығының жетіспеушілік мәселесін айтып, қала әкіміне осы түйінді шешіп беруін сұрады.  Өз кезегінде шаһар басшысы Ғ.Әбдірахымов  биыл мамыр айында Бозарық подстансасы пайдалануға берілсе,  көршілес елді мекендер жарықтан таршылық көрмейтіндігін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу