Шымкент әуежайы арқылы Түркияға 2,8 келіге жуық алтынды заңсыз алып өтпек болған Өзбекстан азаматтарына халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бағалы металл сот үкімі шыққанға дейін мемлекет пайдасына тәркіленді.
Алдын ала мәлімет бойынша, алтынның жалпы құны 227,8 млн теңге болған. Күдіктілер кедендік бақылаудан жасыру үшін бағалы металды шабадандардың ішкі астарына және жүк қаптамаларына жаққан.
Бас көлік прокуратурасының өтінішхаттары негізінде алтынды мемлекет пайдасына тәркілеу туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта күдіктілер халықаралық іздеуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу