Шымкенттік тұрғын жұрт жоғалтқан куәліктерді пайдаланып, 51 онлайн несие рәсімдеген

1076

33 жастағы ер азаматты Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері анықтап, қолға түсірген деп хабарлайды inbusiness.kz.

Шымкенттік тұрғын жұрт жоғалтқан куәліктерді пайдаланып, 51 онлайн несие рәсімдеген

"Полицейлер қызметтік іссапар кезінде ер адамды ұстады. Шымкент қаласының 33 жастағы тұрғыны жоғалған жеке куәліктер туралы ақпаратты әлеуметтік желідегі хабарландырулардан алғанын мойындады. Ол мәліметтерді қолданып, жәбірленушілердің атына онлайн-несие, әдетте бір адамға 100 000 теңгеден ресімдеген. Осылайша, алаяқ 51 несие арқылы 5 миллион теңгеден астам қаражатты иемденген. Жәбірленушілердің арасында СҚО тұрғындары да бар", – деді СҚО полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев.

Сот Шымкент тұрғынын 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу