Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлыққа қол қойды.  

Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды Фото: primeminister.kz

Шыңғыс Сайранұлы бұған дейін Төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты

– Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – делінген Ақорданың ресми парақшасында.

Шыңғыс Әрінов 1983 жылы туған.

2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарды.

2022 жылы ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды.

2024 жылы 6 ақпанда Қазақстан республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды.

2026 жылдың 4 қыркүйегінде Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды

Ол ІІ, ІІІ дәрежелі "Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін" медалімен және "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіне 25 жыл", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл" мерейтойлық медальдарымен, сондай-ақ ҚР Президентінің атынан алғыс хаттармен марапатталған.

Бұған дейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылғанын жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу