Шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім: Еңбек инспекциясы тексеру нәтижесін шығарды

146

Тиісті нәтижеде жұмыс берушінің кінәсі 100% деп көрсетілген.

Шырша безендіру кезінде құлаған мұғалім: Еңбек инспекциясы тексеру нәтижесін шығарды Фото: Біржан Ахмердің желідегі парақшасынан

Семейде шырша безендіремін деп биіктен құлаған мұғалімнің ісі бойынша құрылған арнайы комиссия тексеру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оқиға болған күні Қуат Айтқалиевке еңбек қызметіне байланысты акті жасалынып, табысталған. Еңбек қызметіне байланысты болуы себебі мұғалім орталық алаңға мектеп директорының тапсырмасы бойынша барған. Комиссиямен жұмыс берушінің кінәсі 100% деп шешілді, жұмыскердің (ред. – жарақат алған мұғалімнің) кінәсі жоқ, – делінген хабарламада. 

Енді Қуат Айтқалиевке уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша орташа жалақысы төленіп отыруы тиіс.

Бұдан бөлек емге кеткен шығындарды өтеу бойынша төлем мұғалімнің осы шығындарды растайтын құжаттарының негізінде беріледі. 

"Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және МӘМС жүйесінде ұсынылатын медициналық көмекке жұмсалатын шығыстар өтелуге жатпайды. Заңға шеңберінде шешім қабылдау үшін жинақталған материалдар жергілікті полиция органына жолданды. Себебі, Қылмыстық Кодексте еңбек қорғау талаптарын бұзған лауазымды тұлғаларға қолданылатын жазалар бар", –  деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Абай облысы бойынша департаменті.

Айта кету керек, осыған дейін семейлік мұғалім шырша безендіру кезінде жарақат алғанын жазғанбыз. Бұл оқиғадан кейін лауазымды тұлғалар жазаланды. Бұдан бөлек бұл мұғалімнің ауруханадан шыққанын хабарладық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу