ШЫҰ мемлекеттерінің басқа елдермен сауда айналымында миллиардтаған доллар айырмашылық бар

688

Халықаралық сарапшылардың деректері бойынша, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басқа елдермен сауда айналымындағы жыл сайынғы айырмашылық шамамен 675 миллиард доллар болады. 

ШЫҰ мемлекеттерінің басқа елдермен сауда айналымында миллиардтаған доллар айырмашылық бар

Бұл туралы Астанада өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 20-шы мерейтойлық отырысында айтылды, деп жазады inbusiness.kz.

Кездесудің негізгі тақырыбы қылмыстық активтерді қайтару кезіндегі тәжірибемен алмасу, озық практикаларды және проблемаларды талқылау болды. Жиында айтылғандай, трансұлттық экономикалық қылмыс елдің қауіпсіздігіне қол сұғып қана қоймай, қаржы жүйелерінің тұрақтылығы, ашықтығы және тиімділігіне нұқсан келтіреді.

Қазақстанның бас прокуроры Берік Асылов қылмыстық капиталды елге қайтару туралы өзінің тәжірибесін айтқан.

Атап айтқанда, президент жарлығымен құрылған, өзі басқаратын экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмысына тоқталған.

Жиынға Қырғыз Республикасы, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның бас прокурорлары, сондай-ақ онлайн форматта Қытайдың Жоғарғы халықтық прокуратурасының Бас прокуроры, Үндістанның Бас Солиситоры және Пәкістанның Қосымша Бас прокуроры қатысты.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу