Шанхай ынтымақтастық ұйымының мүшелері эпидемияларға қарсы күрес жөнінде кешенді жоспар қабылдап, коронавирус инфекциясына қатысты арнайы шара қабылдайды. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлім етті.
"Бүгін біз ұйымның эпидемияларға қарсы кешенді жоспар мен коронавирусқа қатысты арнайы шара қабылдаймыз", – деді ол.
Путин ШЫҰ елдері індетпен күрес жүргізу барысында бір-біріне көмек көрсетіп жатқанын жеткізді. Оның айтуынша, Ресей коронавирус дертін анықтау зертханаларына арналған жарты миллионға жуық жабдық пен температураны байланыссыз өлшеуге арналған құралдарды серіктестеріне тегін берген. Сонымен қатар Путин Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан елдеріне бір топ ресейлік дәрігердің жөнелтілгенін де еске салды.
Табиғат Нұрболат