СІМ Еуропарламенттің резолюциясын объективті емес деп бағалады

1043

Өткен аптада Еуропарламент Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуы жиіледі, әрі демократиялық бостандық сақталмай жатыр, деп резолюция қабылдаған. 

СІМ Еуропарламенттің резолюциясын объективті емес деп бағалады

Еуропарламенттің Қазақстандағы адам құқықтарының бұзылуы туралы резолюциясы объективті емес, бұрмаланған ақпараттарға негізделген. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бүгін осылай деп, 11 ақпанда жарияланған Брюссель құжатының біржақты екендігін мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан Еуропалық парламентпен, соның ішінде Парламентаралық ынтымақтастық комитеті арқылы іс-қимылын әрі қарай жалғастыруға дайын. Бірақ мұнда республика үшін диалогтың адал әрі өзара құрметтеуге негізделуі шарт.

Өткен аптада Еуропарламент Қазақстанда адам құқықтарының бұзылуы жиіледі, әрі демократиялық бостандық сақталмай жатыр деп резолюция қабылдаған. Онда 27 тармақтан тұратын ұсыныс жасалып, Халықаралық коалицияға сәйкес талаптардың орындауы сақталуы қажет екені ескертілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу