СІМ Қазақстанның Шенген аймағының консультациялар тізіміне енгізілуінің себептерін атады

483

Оның "қара тізімге" еш қатысы жоқ.

СІМ Қазақстанның Шенген аймағының консультациялар тізіміне енгізілуінің себептерін атады Фото: Halyq Uni

Қосымша консультация қазақстандықтардың барған елдің заңдарын сақтауына қатысты қабылданған, деп хабарлайды inbusiness.kz СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Мысалы, қазақстандықтар көлікті жалға алып, Еуропа елінен кетіп бара жатқанда компаниямен есеп айырыспайтын жағдайлар аз емес. Сонымен қатар, студенттер оқыған елінде несие алып, оны төлемей кетіп қалатын фактілер тіркелген", - деді Смадияров журналистердің Қазақстанды Шенген аймағының консультациялар тізіміне енгізген себептерін атау туралы өтінішіне жауап бере отырып.

Яғни қосымша тексеру жұмыстары қазақстандықтардың өздері баратын елдің заңдарын сақтауына қатысты.

Өткен аптада Министр орынбасары Роман Василенко қазір СІМ ұсыныстың нақты қай елден түскенін анықтау үшін жұмыс істеп жатқанын жеткізген болатын. Ал бүгін Смадияровтың айтуы бойынша, әзірге бұл процедураны енгізуге өтініш берген ел анықталмады.

"…Дегенмен біздің мемлекетке қатысты ЕО-ның сұрақтары бары рас, енді оның нені көздейтінін нақты анықтау ғана қалды", – деді Роман Василенко.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу