"Қоғамдық тамақтану мәселелері Сыртқы істер министрлігінің құзыретіне жатпайды. Осыған байланысты нақты ештеңе де айта алмаймын. Қалай десек те, қандай компания келсе де, бәсекелестік бар, нарық бар", - деді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Осы тұста тілшілер спикерден "McDonald’s-тың кетуі ел имиджіне қалай әсер етті" деп сұрады.
Айбек Смадияровтың сөзінше, танымал фастфуд мейрамханалар желілерінің кетуі ел имиджіне әсерін тигізген жоқ.
Еске салайық, Food Solutions KZ ЖШС басқаратын McDonald's жылдам тамақтану бренді Қазақстанда өз жұмысын тоқтататынын жазған болатынбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу