Симптоммен сырқаттану 3,5%-ға көбейді

829

Елорда да жүргізілген эпидемияға қарсы шаралардың нәтижесінде COVID-19 жұқпалы ауруына шалдыққан науқастардың саны қаңтар айымен салыстырғанда 33,8%-ға төмендеді.  

Симптоммен сырқаттану 3,5%-ға көбейді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді деп хабарлады inbusiness.kz тілшісі. 

Сархат Бейсенованың баяндауынша, қазір аурудың апталық қарқынды көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда - 53,96%-ды құрап отыр. 

"Нұр-Сұлтан қаласы "сары аймақта" тұр", – деді Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері.

Оның сөзінше, барлық жастағы адамдар арасында CОVІD-19 ауруының белгілерін тіркеу жалғасып жатыр. 

"Жыл басынан бері 6 707 зертханалық расталған CОVІD-19 жағдайы анықталды және 85 клиникалық-эпидемиологиялық расталған CОVІD-19 жағдайы ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетті. Тәулігіне 68 инфекция жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 жағдай симптомды, 31-і симптомсыз  болды. Симптомы бар науқастардың үлес салмағы қаңтар айында 65,2% болса, ақпан айына 68,09 %-ға дейін өсті. Атап айтқанда, 50 жастан асқан адамдар арасында симптоммен сырқаттану 3,5%-ға көбейді", – деді Сархат Бейсенова.

Қанат Махамбет
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу