"Біз пластикке жау ретінде қарамауымыз керек. Оны қолданатындарға да қысым көрсету жөн емес. Пластик қалдықтарын жою үшін инновацияның көмегіне жүгінуіміз қажет", – деді ол 6 қыркүйекте Киото қаласында өткен "Қоғамдағы ғылым мен техника" деп аталатын форумда.
Жапонияның сыртқы сауда ұйымының дерегіне сүйенсек, ел қоршаған ортаға шығарылатын пластик қалдықтарының көлемі жағынан әлем бойынша үшінші орында. Қазір жергілікті билікті осы мәселе қатты алаңдатып отыр. Өйткені бұған дейін елден шығарылатын мұндай қалдықтарды Қытай сатып алып жүрген болатын. Бірақ былтырдан бастап Бейжің бұл үрдісті тоқтатып тастады. Салдарынан қазір елдегі пластик сақтайтын қоймаларда орын тапшы, деп хабарлады Bloomberg агенттігі. Ал JETRO дерегі бойынша, Жапония бірреттік пластик өнімдерін қолдану көлемі жағынан АҚШ-тан кейін екінші орында.2018 жылы ел миллион тоннадан астам қалдықты экспорттаған.
"Біз 20 ғасырдағы ең керемет жаңалықтардың бірі, пластикпен мақтануымыз керек. Егер де ғалымдар оны ойлап таппағанда, сатылымдағы азық-түлікті сақтайтын қолайлы ыдыс болмас еді", – деді Абе.
Айта кететін жайт, 2021 жылға қарай Еуропалық одақ елдерінде пластиктен жасалған ыдыстар мен түтікшелерге толықтай тыйым салынады. Ал қыркүйектен бастап Үндістан осындай шараны қолға ала бастады.
Табиғат Нұрболат