"Қазгидромет" өкілдерінің мәліметі бойынша алдағы екі күнде СҚО мен Ақмола облысында қатты жел соғады, деп хабарлайды 24.kz.
11-12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман күтіледі. 11 маусымда күндіз, 12 маусымда тәулік бойы кей жерлерде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, 12 маусымда күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Петропавл қаласында 11 маусым күндіз, 12 маусымда тәулік бойы найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
11 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.