"Қазгидромет" РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Атап айтқанда, 3 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында таңертең және күндізнайзағай болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с артуы ықтимал.Күндіз ауа температурасы -16-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
4 қыркүйекте Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының жекелеген аумағында ауа температурасы күндіз -12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді.
3 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, 4 қыркүйекте Павлодар облыстарында ауа температурасы күндіз -12-18 градус жылыға дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 25 м/с дейін күтіледі.
3 қыркүйекте Қостанай облысында ауа температурасы күндіз -12-18 градус жылыға дейін төмендейді.
3 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
3 қыркүйекте күндізТүркістан облысының тауларында найзағай күтіледі.