Синтетикалық есірткі жасаумен айналысып жүрген азамат ұсталды

713

Жүрізілген жалпы іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан құны "қара нарықта" шамамен 60 млн теңгені құрайтын шамамен 3 кг "А-PVP" психотроптық зат алынған.

Синтетикалық есірткі жасаумен айналысып жүрген азамат ұсталды

ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша  департаменті жалға алынған гаражда синтетикалық есірткі жасап, оны "қойылма" деп аталатын жолмен сатуды ұйымдастырған адамды ұстады.

"Есірткі зертханасында тінту барысында шамамен 500 гр "A-PVP" синтетикалық есірткісі, құтылар, таразы, магнитті араластырғыштар, вакуумды сорғы, электр плитасы, сондай-ақ  психотроптық зат қалдықтары бар әртүрлі ыдыстар және 70 литр әртүрлі прекурсор алынды",– деп жазылған ҰҚК хабарламасында.

Одан басқа, салмағы шамамен 2,5 кг болатын 5 "қойылма" табылған.

"Жүрізілген жалпы іс-шаралар барысында заңсыз айналымнан құны "қара нарықта" шамамен 60 млн теңгені құрайтын шамамен 3 кг "А-PVP" психотроптық зат алыныпты.

Ұсталған азамат ҚР ҚІК 128-бабының тәртібінде Нұр-Сұлтан қ. ПД УҰИ-ға қамалған. Сотқа дейінгі тергеу жүруде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу