Сирия жөніндегі кезекті келіссөз наурыз айында өтуі мүмкін

638

Сирия жөніндегі кезекті келіссөз наурыз айында өтуі мүмкін

Астанада өтетін Сирия жөніндегі кезекті келіссөз Ресей, Иран және Түркияның сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін өтеді. Бұл туралы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды abai.kz.

"Астана процесіндегі кепіл мемлекеттер — Ресей, Түркия және Иран алдымен сыртқы істер министрлердің басын қосуды жоспарлап отыр. Бұл кездесу де Астанада өтуі мүмкін", - деді ол.

Былтыр 21-22 желтоқсанда Астанада кездескен бітімгерлер ақпан айында тағы бас қосамыз деп келіскен еді. 

Қазақстан сыртқы істер министрінің сөзінше, Таяу Шығыстағы қазіргі жағдайларға байланысты бәрінің жұмыс кестесі өте тығыз. Сол себептен кездесулер наурыз айына жоспарлануы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу