Астанада өтетін Сирия бойынша келіссөздердің жетінші раунды қазанның соңына жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов.
"Кепілгер елдердің ортақ шешімі бойынша Астана процесі аясындағы Сирия жөніндегі жоғары деңгейдегі кезекті халықаралық кездесу осы жылдың қазан айының соңында өтеді", - деп жеткізді министр Астана-6 пленарлық отырысында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу