Скифтердің алтын жәдігерлері Украинаға жеткізілді

511

Барлығы 2 694 мәдени құндылықтар елге жеткізілген.

Скифтердің алтын жәдігерлері Украинаға жеткізілді Фото: allardpiersonmuseum.nl

Осыған дейін Амстердамда болған Қырым мұражайының скиф алтын коллекциясы Украинаға қайтарылды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Украина кеденшілерінің мәліметінше, скифтердің алтын жәдігерлері басқыншылар қолындағы Қырым музейіне тиесілі. Бұған дейін олар Амстердамда болған. Барлығы 2 694 мәдени құндылықтар елге жеткізілген. Кеденшілер оларды анықтап, мұражай қазынасына тіркеуге алады.

Алтын жәдігерлер Ресей түбекті басып алғанға дейін жеткізілген. Кейін Қырым музейі бұл құндылықтар оларға қарайтынын айтып, кері қайтаруды талап еткен. Алайда, Нидерланд соты басқаша шешім шығарды.

2021 жылы Амстердам апелляциялық соты Аллард Пирсон мұражайы скиф алтынын Украина мемлекетіне беруі керек деп шешім шығарды.

Ал өткен аптада Нидерландының Жоғарғы соты Қырым мұражайларының кассациялық шағымынан ақыры бас тартып, скиф алтынын Украинаға беруді жөн көрді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу