СҚО: 10 айда жергілікті бюджетке 27 млрд теңге түскен

1144

СҚО: 10 айда жергілікті бюджетке 27 млрд теңге түскен

СҚО-да 10 ай ішінде жергілікті бюджетке 27 млрд теңге түсті. Бұл туралы Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмдiгiнде өңiр басшысы Ерiк Сұлтановтың төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте Қаржы басқармасының басшысы мәлім етті, деп хабарлады strategy2050.kz.

"2016 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша облыстың жергiлiктi бюджетiне 26 987,8  млнтеңге қаражат күтiлсе, жеке кiрiс 27 640,4  млн теңгенi немесе 102,4%-ды қамтыған. Артығымен орындау 652,6  млнтеңгенi құрады", — дедi мекеме басшысы.

Облыс әкiмi мемлекеттiк бағдарламаларды жүзеге асыруға бөлiнген бюджеттiк қаражатты уақытылы игерудi тапсырды.

Әрi қарай архитектуралық-құрылыс бақылау және лицензия беру басқармасының қызметi жөнiнде мекеме басшысы Нұрлан Құрманбеков баяндады. Аталған басқарма жобалық-iздестiру, құрылыс-құрастыру жұмыстарына, сондай-ақ үлескерлер қаражаты есебiнен тұрғын үй ғимараттарының құрылысын жүргiзуге лицензия беру бойынша мемлекеттiк қызмет түрлерiн көрсетедi. Бұдан бөлек, басқарма архитектура, қала құрылысы, құрылыс саласы бойынша инженерлiк қызметтер мен сараптамалық жұмыстар жүргiзетiн сарапшыларды атестаттау жүргiзедi.

"Лицензиялау саласында мемлекеттiк қызметтердi жүргiзу бойынша 2016 жылдың 3 тоқсанында 83 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның 39-на мемлекеттiк лицензия берiлсе, 44-не мемлекеттiк лицензия беруден бас тартылған. 2015 жылдың сәйкес мерзiмiмен салыстырғанда 79 мемлекеттiк қызмет көрсетiлген, 29-на мемлекеттiк лицензия берiлсе, 50-не мемлекеттiк лицензия беруден бас тартылған", — дедi Нұрлан Құрманбеков.

Аталған өсiм Қазақстан Республикасының әрекеттегi заңнамасы бойынша басқарманың лицензия алушыларға ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуiмен байланысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу