СҚО әкімдері енді тоқсан сайын ашық есік күнін өткізбек

1045

СҚО әкімдері енді тоқсан сайын ашық есік күнін өткізбек

СҚО-да алғаш рет облыс әкiмдiгiнiң ашық есiк күнi өттi. Бұл шара "Ашық әкiмдiк" жобасы аясында ұйымдастырылды. Оған облыс әкiмi мен оның орынбасарлары, Петропавл қаласының басшылығы, облыстық басқарма мен қалалық бөлiмдердiң басшылары, коммуналдық мекемелердiң өкiлдерi қатысты. Келушiлер өз сұрақтарын қойып, нақты жауап алды, деп хабарлайды sko.gov.kz.

Қабылдауға 115 адам келдi. Оның 36-сы облыс әкiмiнің қабылдауында болды. Дәл осындай шара бүкiл аудандарда да өттi. Аудан әкiмдерi мен бөлiм басшылары 255 адамды қабылдады. Сөйтiп, барлығы 370 адам қабылдауда болды.

Ашық есiк күнiне халық үлкен қызығушылық танытты. Сондықтан, мұндай кездесулер әр тоқсан сайын өткiзiлiп тұратын болады. Бұл туралы журналистерге сұхбат берген облыс әкiмi Құмар Ақсақалов мәлiмдедi.

"Елбасы бес институционалдық реформаны ұсынған болатын. Оның аясында ашық әрi есеп беретiн мемлекет құрудамыз. 100 нақты қадамды орындау мақсатында бiз СҚО әкiмдiгiнiң ашық есiк күнiн өткiзiп жатырмыз. Осындай кездесудiң арқасында бiз халықты мазалаған мәселелермен жiтi танысуға мүмкiндiк аламыз. Бүгiнгi бүкiл мәселелер толық шешiлетiн болады", — дедi өңiр басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу