СҚО әкімінің орынбасары мен аудан әкімі қызметінен кетті

797

Қоластындағы қызметкері пара алған.

СҚО әкімінің орынбасары мен аудан әкімі қызметінен кетті

Солтүстік Қазақстан облысында басқарма басшысы мен аудан әкімі орынбасары пара алғаны үшін олардың тікелей басшылары қызметінен алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қоластындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық қылмысқа жол бергені үшін басшының дербес жауапкершілігі заңына сәйкес лауазымды тұлғалар - СҚО әкімінің орынбасары Антон Федяев пен Ақжар ауданының әкімі Ербатыр Мадьяров қызметінен кетті. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Президент Әкімшілігінің келісімімен бұйрыққа қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң мемлекеттiк сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы Батырбек Қалабаев жалпы сомасы 650 мың теңге шамасында пара алды деп күдікке ілінген еді.

Ол Ақжар ауданы Талшық ауылында салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу барысында сыбайлас жемқорлыққа жол берген.

Сот экс-жетекшіні және осы қылмысқа қатысы бар аудан әкімінің бұрынғы орынбасары Құрал Досымбековті айыпты деп танып, үкім заңды күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу