СҚО әкімінің өкімімен Қанат Малғаждарұлы Дүзелбаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Қанат Малғаждарұлы 1974 жылы туған, Торғай (қазіргі Ақмола обл) облысының тумасы. Алматының экономика және статистика академиясын бітірген.
Еңбек жолын 1995 жылы Ұлттық банк орталығында экономист болып бастады. Банк жүйесінде, қазынашылық, экономика және бюджетті жоспарлау саласында тәжірибесі бар.
Осы тағайындауға дейін Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу