СҚО әкімшілік шығыстарды 129 млн теңгеге қысқартты

904

СҚО әкімшілік шығыстарды 129 млн теңгеге қысқартты

Бұл цифрды облыстық қаржы басқармасының басшысы мiндетiн атқарушы Наталья Дышкант СҚО әкiмдiгiнiң отырысында жария еттi.

Отырыста жекешендiру аясында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Жекешелендiру бойынша кешендi жоспарға 37 ұйым, оның iшiнде 24 коммуналды кәсiпорын және "Солтүстiк" ӘКК-нiң 13 ұйымы кiрген. Жекешелендiру аясында әкiмшiлiк шығыстар 129,6 млн  теңгеге қысқарған. 2016-2018 жылдары 73 млн теңгенiң 15 ұйымы сатылды.

Өңiр басшысы Құмар Ақсақалов үнемделген қаржы әлеуметтiк салаға бағытталатынын мәлiмдедi.

"Бюджет есебiнен күн көру өте жеңiл. Бiз кәсiпорындарды жекешелендiрiп, бәсекелестiк ортаға бердiк. Жыл санап мемлекеттiк шығындардың көлемi азайып отыру керек. Қазiр мемлекет бiлiм, денсаулық сақтау және мәдениет саласын қаржыландыру қажет. Бұл басым бағыттар. Қалғаны бәсекелестiк ортада жұмыс iстегендерi абзал", — дедi Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, облыс әкiмi Ботаникалық бақтың тағдыры бойынша да өз пiкiрiн бiлдiрдi. Өңiр басшысының айтуынша, қоғамда оранжереяны жекешелендiру бойынша түсiнiспеушiлiк бар.

"Қоғамда Ботаникалық бақ жабылады деген қате пiкiр жүр. Шын мәнiнде, әңгiме тек заңды тұлғаны жоюға қатысты ғана. Бiз оранжереяны сақтап қалуға өзiмiз мүдделiмiз. Дұрыс ақпараттың жоқтығынан қалалықтар оранжереяны жоғалтып алдық деп айтуда. Оған жол бермеймiз. Бiз бақты сақтап қаламыз. Әрине, бұл ұзақ процесс", — деп атап өттi өңiр басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу