СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жаңа автобустың жайлылығын тексердi, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.
"Жолаушылар тасымалы өзектi мәселелердiң бiрi. Оны тұрғындар жиi көтерiп жүр. Қазiргi автобустар қыста суық, балалар тоңады. Өте тар. Жайлы автобустарды сатып алуға қаржы көзiн iздеп жатырмыз. Мiндеттi түрде пеш және кондиционермен аламыз. Ең бастысы жолаушыларға ыңғайлы болу керек", – дедi Құмар Ақсақалов.
Бұл автобустар Алматыда жиналады. Ұзындығы – 11,5 метр, 32 жолаушыға арналған. Жарымжан жандар үшiн пандус орнатылған. Егер автобус сынақтан өтсе, 30-40 автобусты сатып алу көзделген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу