СҚО ауылдарында 3 мың үй салынады

1271

Бұл еңбек ресурстарын тарту мақсатында іске аспақ.

СҚО ауылдарында 3 мың үй салынады

Солтүстiк Қазақстан облысында үш жылда еңбек ресурстарын тарту мақсатында ауылдарда 3 мың үй бой көтередi. Бұл жайында облыстық әкiмдiктiң отырысында мәлiм болды, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов тұрғын үйлердiң бiрыңғай сәулет стилiнде салынатындығын атап өттi. Барлық аудандар бекiтiлген нобайлармен жұмыс жасаулары керек.

"Бiз үйлердiң бiрнеше нұсқасын бекiттiк, сол арқылы құрылыс жүргiзу керек. Арнайы комиссия барлығын тексеретiн болады. Биыл 100 үй, келесi жылы 600 үй бой көтередi. 2020 жылы 1000, 2021 жылы 1400 үй салынады. Бюджетте ақша қарастырылған", — дедi Құмар Ақсақалов.

Өңiр басшысы аудан әкiмдерiне дайындық жұмыстарын жүргiзудi тапсырды. Бұл техника, құрылыс материалдары және құрылысшылардың жеткiлiктi болуы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу