СҚО ауылдарындағы медициналық ұйымдарға 14 жаңа санитарлық көлік табысталды

Облыстағы көліктердің тозуы 73 пайыздан 63 пайызға дейін төмендеді.  

СҚО ауылдарындағы медициналық ұйымдарға 14 жаңа санитарлық көлік табысталды Фото: gov.kz

Елімізде ауыл тұрғындарын медициналық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бағытталған "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасын жүзеге асыру басталды, деп жазады inbusiness.kz. 

"Жобаның арқасында ауылдарда медициналық көмек қолжетімді болып, ауыл тұрғындарына дер кезінде шұғыл көмек көрсетілмек.

Осы жұмыстың аясында 14 жаңа санитарлық көлік сатып алынды. Бұл машиналар аудандардағы медициналық ұйымдарға табысталды. Осының арқасында облыстағы көліктердің тозуы 73 пайыздан 63 пайызға дейін төмендейді. Барлығы денсаулық сақтау жүйесі бойынша 45 көлікті ауыстыру қажет", – деп хабарлады СҚО әкімдігі.

Бұл мәселені шешу үшін көлік паркін жаңарту жалғасады. 2023 жылы тағы 10 көлік сатып алу жоспарлануда.

Сонымен қатар Ұлттық жоба аясында өңірде 46 медициналық мекеме салынбақ. Бұл емхана, ФАП, дәрігерлік амбулатория пен медпункттер.

"Сондай-ақ 2023 жылы денсаулық сақтау нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл мақсатқа 1,5 млрд теңге бөлінді.

Биыл "Береке" мен "Жас өркен" ықшам аудандарында 2 емхана ашылмақ.

Жалпы, 2023 жылы облыс бойынша медициналық қондырғылар алуға 5 млрд теңге бөлінді. Биыл ангиографтар, УЗИ, эндоскопия, реанимация және рентген аппараттары қойылады.

Атап айтсақ, кардиологиялық орталық пен көпсалалы қалалық аурухананың инсульт орталығына екі ангиограф орнатылады. Заманауи қондырғылар инсульт пен инфаркт кезінде ота жасауға арналған", – деп хабарлады СҚО әкімдігі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу