СҚО басқарма басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

749

Күдіктілерге қатысты түпкілікті шешімді олардың кінәсінің деңгейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.  

СҚО басқарма басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басқармалары бірінің басшысы мен оның орынбасарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.

Олар алдын ала сөз байласу арқылы мердігерлік ұйым директорынан 2 млн 600 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде іс жүзінде орындалмаған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін пара алу күдігіне ілінді.

Лауазымды тұлғалар ҚР ҚІЖК 128-бабы тәртібімен ұсталып, Петропавл қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қалған мән-жайлар тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу