Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов жаңа жылғы әрлеу шараларына бюджеттен бір де бір тиын бөлінбейтінін айтты.
"Жаңа жыл бойынша былтырғы тәжірибені жалғасытыратын боламыз. Қаражат бөлінбейді. Ескі құралдарды жөндеп, оны біраз пайдалануға болады. Солай емес пе? Қазірдің өзінде колледж студенттеріне осындай тапсырма бердік. Оларға былтыр қолданылған құралдарды кішкене қалпына келтіру үшін қаражат төлейміз. Сондықтан да бірнеше жыл пайдалануға болады", – деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу