СҚО-да 100-ден астам саяжай учаскесін су басты

872

Құтқарушылар бұл маңды бақылауға алып, кезекшілікке көшті.

СҚО-да 100-ден астам саяжай учаскесін су басты

Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені соңғы тәулікте тағы 12 см-ге көтерілді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Салдарынан Петропавл қаласының шетінде орналасқан Заречный кентіндегі 100-ден астам саяжай учаскесін су басып қалды. Қазір онда ешкім тұрмайды. Дегенмен құтқарушылар бұл маңды бақылауға алып, кезекшілікке көшті. Мамандар әр үш сағат сайын мониторинг жасап, жағдайды жедел штабқа хабарлап отырады. Жалпы бүгінде өңірге Ақмола облысындағы шағын өзендерден келген су Есілге құйып жатыр. Осыған байланысты "Сергеев су" қоймасында судың деңгейі 4 см-ге көтерілді.

Облыстық ТЖД басшысы Рамиль Қамалов: "Көктем келгелі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бұл қалыпты жағдай деседе болады. Өйткені жылда бұл учаскелер су астында қалады. Саяжайлардың нақты санын білу үшін дронның көмегімен әуеден бақылауды жоспарлап отырмыз",- деді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу