СҚО-да 116 отбасы баспаналы болды

814

Былтыр өңірде 1000 пәтер қолданысқа берiлсе, биыл 1209 пәтер салынады. 

СҚО-да 116 отбасы баспаналы болды

Петропавлда "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған 116 пәтерлiк тұрғын үй қолданысқа берiлдi, деп хабарлайды Baq.kz.

"Бұл үй ұзақ жылдардан берi кезекте тұрған мүгедектерге, жетiм балаларға және басқа да әлеуметтiк-әлжуаз топтардың өкiлдерiне тапсырылып жатыр. Былтыр 1000 пәтер қолданысқа берiлсе, биыл 1209 пәтер салынады. Бұл 20 пайызға көп. Жыл соңына дейiн 10 көпқабатты үйдi салып бiтiремiз", – дедi жаңа үйдің ашылуына қатысқан Солтүстік Қазақстан облысының әкiмi Құмар Ақсақалов.

Баспананы кезекте тұрған азаматтар "сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй" бағыты бойынша алды. Аталмыш бағыт көпбалалы және толық емес отбасыларғе, жетiмдерге, мүгедектерге және басқа да топтарға арналған. Барлығы бiр бөлмелi – 36, екi бөлмелi – 58 және үш бөлмелi 22 пәтер тапсырылды.

"Сатып алу құқығымен жалға берiлетiн тұрғын үй" бағыты бойынша жыл соңына дейiн 96 петропавлдық тұрғын баспанаға ие болады. "Қазақстанның ипотекалық компаниясы" соңғы 2 жылда облыс орталығында 22 мың шаршы метрді құрайтын 410 пәтердi қолданысқа берген.

Айта кету керек, пәтердi жалға алу мерзiмi 20 жылды құрайды. Бұл мерзiм аяқталған соң пәтер жалға алушының меке меншiгiне өтедi.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу